Келешек мектептері: Былтыр 112 білім ордасы салынды

Келешек мектептері: Былтыр 112 білім ордасы салынды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

«Келешек мектептері» ұлттық жобасымен 2024 жылы 105 мектеп, ал 2025 жылы 112 мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жайық Шарабасовтың айтуынша, бұл 460 мың кішкентай қазақстандықты оқушы орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. Соның нәтижесінде 52 үш ауысымды және 12 апатты мектеп мәселесі шешіліп, 100-ден астам мектептегі оқушы орындарының тапшылығы жойылды.

«Барлық мектеп бірыңғай стандарт бойынша салынған және олардың орналасқан жеріне қарамастан – елордада да, шалғай елді мекендерде де – балаларға бірдей жоғары деңгейдегі оқу жағдайын қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, 87 мектеп немесе 40%-ы ауылдық жерлерде салынды. Бұл сапалы білімге қолжетімділікті арттырып қана қоймай, қала мен ауыл арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты едәуір қысқартуға мүмкіндік берді», – деді спикер.

Еске сала кетсек, Астанада экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосқан үздік мектептер марапатталды.