Казцинк қорғасын зауытындағы жарылыс: қаза тапқандар бар

Казцинк қорғасын зауытындағы жарылыс: қаза тапқандар бар
Фото: Видеодан скрин

Казцинк қорғасын зауытының аумағындағы электролиз цехының балқыту бөлімінде шаң ұстау құрылғысының жарылысы болып, кейіннен өрт шықты. Оқиға салдарынан 7 адам зардап шекті, екеуі қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен сәтте нысанда ашық жалын байқалған. ТЖМ күштерінің жедел әрекетінің нәтижесінде 120 шаршы метр аумақтағы өрт толықтай сөндірілді.

Сонымен қатар, өрт салдарынан цех ғимаратының шамамен 220 шаршы метр бөлігінде құрылымдық зақымдану тіркелді.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Апат салдарын жоюға 80-ге жуық жеке құрам, 18 техника бірлігі, командалық-штабтық көлік, ТЖМ-нің ұшқышсыз ұшу аппараты, кинологиялық есептоптар және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізілуде. ТЖД жанынан жедел желі іске қосылды: 8 (7232) 55-38-19.

Бұған дейін Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 21 адамның эвакуацияланғанын жазған едік.