Астаналық құтқарушылар көпқабатты тұрғын үйдегі өртті сөндірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Астанада Ш.Иманбаева көшесінде орналасқан 9 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Өрттен балкон мен үй жиһаздары жанды.
Өрт 10 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
ТЖМ күштерімен көршілес пәтерден бір әйел эвакуацияланды.
Тағы 20 тұрғын, оның ішінде 5 бала өз бетінше далаға шықты.