2025 жылдың 7-21 қараша аралығында Сауд Арабиясының Ар-Рияд қаласынба VI Ислам ынтымақтастығы ойындары өтеді, , деп хабарлайды Elordainfo.kz.
2 аптаға жалғасатын бәсекеде 24 спорт түрінен 270 медаль жиынтығын сарапқа салады. Биылғы жарыстың ерекшелігі - джиу-джитсу мен муайтайдан алғаш рет жеңімпаздар анықталады.
Сан түрлі өзгерісті бастан кешкен Ислам ынтымақтастығы ойындары
Әлемде ислам дінін достастыққа шақырып, насихаттау аясында 1981 жылы «Ислам ынтымақтастығы ойындары» жайлы идея туындап, тек 2005 жылы ғана Сауд Арабиясында алғаш рет ұйымдастырылады. Ірі додаға ислам дінін ресми ұстанбайтын Африка (27 мемлекет), Азия (25 ел), Еуропа (Албания, Әзербайжан, Түркия), Оңтүстік Америка (Гайана, Суринам) мемлекеттерге де рұқсат.
2005 жылы Сауд Арабиясында бірінші Ислам ынтымақтастығы ойындарына тек ерлерге ғана рұқсат берілді.
2009 жылы Иран екінші бәсекені өткізуі тиіс еді. Алайда ресми құжатта «Парсы шығанағы» деген атау өзге араб елдерінің қарсылығын туғызды. Бастапқыда жарыс 2010 жылға шегерілгенімен, кейін мүлдем өтпей қалды.
Үшінші Ислам ынтымақтастығы ойындары бастапқыда 2011 жылы Индонезияның Пеканбару қаласы, артынша 2013 жылы Джакарта өтуі керек болса да, ақыры Паламбанг қаласы қабылдады. 2017 жылы Баку (Әзербайжан), 2022 жылы Конья (Түркия, пандемияға байланысты 2021 жылдан 2022 жылға ауыстырылды) өтті. Енді араға 20 жыл салып, Сауд Арабиясы жарыс қожайынына айналып отыр.
Айта кетерлігі, Сауд Арабиясы 2029 жылы қысқы Азия ойындары, 2034 жылы жазғы Азия ойындары мен футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығын иеленді. 2036 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қабылдауға да ниетті. Сондықтан Сауд Арабиясы үшін Ислам ынтымақтастық ойындары белгілі бір деңгейде сынақ болмақ.
📍Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
Қазақстан 15 спорт түрінен 98 отандасымызды (48 ер, 50 әйел) сынға қосады. Спортшылардың саны бойынша Қазақстан 57 мемлекеттің арасынан 10-орынды алады. Олардың арасында әлем чемпиондары Нұрғиса Әділетұлы, Артём Антропов (ауыр атлетика), Ризабек Айтмұхан, Нұрқожа Қайпанов (еркін күрес), Рамазан Кусаинов, Жібек Кулумбетова (джиу-джитсу), Әбіл Галиев (муайтай) және Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (WKF каратэ) бар. Жеке сайыстардан ең спортшыларымыз дзюдо (11), жеңіл атлетика (10), джиу-джитсуда (9) жүлдеге таласады.
Қай спортта жүлде алғанбыз?
Ислам ынтымақтастық ойындарының өткен тарихында Қазақстан 134 медаль (42 алтын, 36 күміс, 56 қола) еншілеген.
Дәл қазіргі сәтте алтын саны бойынша жүзу (17 алтын) көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда ауыр атлетика (8), велотрек (5), кикбоксинг (4), бокс (2), гимнастика (2), каратэ (2), жеңіл атлетика (1), күрес (1) тұр.
Енді осы спорттың тізімін джиу-джитсу, ушу , муайтай, Кирилл Герасименко бастаған үстел теннисі, әлем чемпионатының қола жүлдегерлері Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай бақ сынайтын семсерлесу, әлем чемпиондары бастаған еркін мен грек-рим күресі, таеквондо, дзюдо толықтырады деп сенеміз.
2021 жылы Конья төрінде жерлестеріміз 27 алтын, 23 күміс, 39 қоламен жалпы есепте 5-орынға табан тіреген.