Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша соттың үкімі шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында Х. мен К.-ға қатысты «алдын ала сөз байласып, адамдар тобымен кісі өлтірді (ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 7, 8-тармақтары), сондай-ақ адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жойып, ірі залал келтірді» деген айыптар бойынша қылмыстық іс қаралды ( ҚК-нің 26-бабының 2-бөлігі).
«Сот мынаны анықтады: 2022 жылы Х. жәбірленуші Л.-мен кездесе бастаған. 2024 жылдың шілде айында Л. оның басқа қызбен қарым-қатынасы туралы біліп, соңы жанжалға ұласқан. Бұл жанжалдың тарап кетуінен қорқып, Х. Л.-ны өлтіруді ұйғарып, досы К.-ны көмекке шақырып, оған 500 000 теңге беруді уәде еткен. 2024 жылдың қазан айында К. мен Х. жәбірленушіні өлтіріп, одан кейін оның құны 700 000 теңге тұратын телефонын алып кеткен», - делінген хабарламада.
Күдіктілердің кінәсі жәбірленуші мен куәлерлердің айғақтарымен, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалармен, сотталушылардың хат жазысуларымен, оқиға болған жерден толтырылған хаттамамен, сараптама қорытындысымен толық расталды.
Сот үкімі бойынша күдіктілер кінәлі деп танылды.
«Адам өлтірудің ауыр және жеккөрінішті сипатын, сотталушылардың жеке басын, олардың қылмысқа дейінгі және одан кейінгі әрекетін ескере отырып, сот жазаның әділдігі мен жеткіліктілігі қағидаттарын басшылыққа ала отырып, кінәлілерді өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», - деді ведомстводан.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.