Франция оралған жиһанкез Сәрсенбай Қотырашовқа жаңа атақ берілді
Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев көрнекті жиһанкез, туризм саласының үздігі Сәрсенбай Қотырашовқа «Құрметті спорт қызметкері» атағын табыстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәжірибелі саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов 2022 жылы 72 жасында Қазақстанның 17 облысын жаяу аралап, 8 мың шақырым жолды жүріп өткен. Осы жетістігі үшін отандық КИнЭС рекордтар кітабына енді.
Кейінгі жылдары да ол халықаралық деңгейдегі жаяу саяхаттарын жалғастырып келеді. 2023 жылы Атыраудан жолға шығып, Кавказ өңірі мен Грузия арқылы Түркияның Ыстанбұл қаласына жетті. Ал 2024 жылы Өскеменнен бастап Алтай, Моңғолия арқылы Қытай астанасы Бейжіңге дейін барды.

2026 жылғы 3 наурызда басталған кезекті сапары аясында 76 жастағы жиһанкез Сербия, Мажарстан, Аустрия, Германия және Франция елдерін жаяу жүріп өтіп, жуырда ғана елге оралды.
Еске сала кетсек, мамыр айындағы мереке кездері ел ішінде саяхаттап, түрлі мәдени және туристік іс-шараларға баруға болады.