Қазақстанда мамыр айындағы мерекеде қайда баруға болады

Қазақстанда мамыр айындағы мерекеде қайда баруға болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда мамыр айы мерекелер мен демалыстардың көптігіне байланысты жыл сайын ең мазмұнды кезеңнің бірі саналады. Бұл – ел ішінде саяхаттап, жаңа өңірлерді танып, түрлі мәдени және туристік іс-шараларға қатысуға қолайлы уақыт, деп хабарлайды Elordainfo.kz  Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 2026 жылға арналған мәдени-туристік іс-шаралар күнтізбесіне мамыр айындағы бірқатар негізгі жоба енген. 55 ірі іс-шара ішкі туризмді дамытуға, туристік бағыттарды кеңейтуге және өңірлік брендтерді ілгерілетуге бағытталған.

Жыл басынан бері күнтізбе аясында бірқатар іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Олардың қатарында Burabay Ice фестивалі, қысқы дрифт кубогы, «Амал келді – жыл келді» халықаралық гастрономиялық фестивалі, Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі, сондай-ақ мыңдаған көрермен мен туристі жинаған Шымкенттегі «Дәмдәстүр» фестивалі бар.

Мамыр айындағы бағдарлама осы игі үрдісті жалғастырып, туристерге демалыстың түрлі форматын ұсынады. Оның ішінде табиғи және этномәдени фестивальдерден бастап халықаралық жарыстарға дейін бар.

1. Сиверс алма ағашының гүлдеуі. Жетісу өңірінде мамыр айында өтеді. 1-2 мамыр. Сарқан ауданы, «Жоңғар Алатауы» МҰТП.

2. PGL Astana. Counter-Strike 2 ойынына арнеалған ірі көктемгі киберспорт фетивалі.

15-17 мамыр. Астана қаласы

3. «Шеберлер алаңы» шеберлер мен қолөнершілер фестивалі

22-23 мамыр. Атырау облысы. «Сұлтан Бейбарыс» алаңы

4. «Тары фестивалі» этнофестивалі. Ақтөбе облысынде 2023 жылдан бері өткізіліп келеді.

30 мамыр. Ақтөбе.

Айта кетейік, іс-шаралар күнтізбесіндегі барлық мәлімет event.qaztourism.kz бірыңғай платформасында қолжетімді. Онда күндер, өтетін орындар мен форматтар туралы өзекті ақпарат ұсынылған. Бұл туристерге сапарларын алдын ала жоспарлап, ыңғайлы бағытты таңдауға мүмкіндік береді.