Ерлан Дәкенов: Астана – Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов елорда тұрғындары мен барша қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады. Ол Астананың Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, елдің рухы мен жасампаз болашағын айқындайтын шаһар екенін атап өтіп, жұртшылыққа амандық, бақ-береке мен толағай табыс тіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ерлан Дәкеновтың әлеуметтік желі парақшасына сілтеме жасап.
6 шілде – Астана күні құтты болсын!
Астана – Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, елдің рухы мен жасампаз болашағын айқындайтын сәулетті шаһар. Бүгінде елордамыз мәдениет пен өнердің, білім мен ғылымның, татулық пен бірліктің ордасына айналып отыр.
Елорда күні – барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Бұл күн – ел жетістіктерін бағамдап, болашаққа сеніммен қарайтын ерекше сәт.
Осы айтулы мерекеде баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз. Еліміздің еңсесі биік, бірлігі бекем, мерейі үстем болсын!
Көркейе бер, Астана!
Жасай бер, Қазақстан!