Елордада Ұлттық ұлан әншісі Асхат Әмірғалидің өнер кеші өтті

Бүгін, 17:45
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елордада Ұлттық ұлан әншісі Асхат Әмірғалидің өнер кеші өтті
Фото: Ұлттық ұлан

Астана қаласындағы Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония концерт залында ІІМ Ұлттық ұланы ән-би ансамблінің әншісі Асхат Әмірғалидің «Биіктік» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сахнада бардтық, патриоттық және лирикалық жанрдағы әндер жанды дауыста орындалып, концерт Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің кәсіби сүйемелдеуімен өрбіді.

Шығармашылық кеште белгілі өнер майталмандары Нұрлан Өнербаев, Ақбота Керімбекова, Ұлықпан Жолдасов, Абыл Аяш, Асылбек Манап, сондай-ақ Ұлттық ұлан сапындағы әріптестері Ғайни Жұмашева, Нұрсұлтан Қарабалиев және Дәуір тобы өнер көрсетіп, кештің мазмұнын айшықтай түсті.

«Лейтенант Асхат Әмірғали — халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты. Ол Ұлттық ұланның өнер ұжымында абыройлы қызмет атқарып, ел көлеміндегі мәдени іс-шараларға белсенді қатысып келеді», делінеді хабарламада. 

Кеш соңында «Сәйгүлік» әні орындалып, концерт әсерлі нотада қорытындыланды.