08.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада «S.O.S» атты драма көрермен назарына ұсынылды

|
Photo: Сұлтан Сейiтов
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада «S.O.S» атты драма көрермен назарына ұсынылды

|
Photo: Сұлтан Сейiтов

Астанадағы Музыкалық жас көрермен театрында жазушы, драматург Мадина Омарованың «S.O.S» атты драма жанрындағы қойылымы көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Спекталь қалада «Заң және тәртіп» қағидасын, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарды және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі «Астана – есірткісіз қала» акциясын іске асыру шеңберінде қойылды.

Мұнда есірткі шырмауына түскен жастар тағдыры туралы баяндалады. Басты рөлдегі Айбар  жұмыс таба алмай қиналып жүргенде, есірткі сататын жігіттерге жолығады. Сөйтіп, жеңіл ақшаның соңынан кетеді. Осылайша ұйып отырған бір жанұяның шаңырағы зардап шегеді. Қойылымда басты кейіпкер Айбар рөлінде Бибол Байғараев, Абзал Арапов, Айбарша рөлін Аружан Бағзат пен Арелана Амангелдиева сомдады. Ал анасының рөлін «Құрмет» орденінің иегері Майра Омар мен Ақниет Замзат орындады.

Оның қоюшы режиссері – мәдениет саласының үздігі Аман Ғұмаров.

Драмада қоғам дертіне айналған нашақорлық баяндалады. Театр ұжымы тағдыр тәлкегіне түсу әп-сәтте, адамзат тарихындағы қасіреттерді көбейтуші, адамды аздырушы апиын екендігін көрерменге жеткізе білген.

«Спектальде бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі қозғалады. Оқиға бір отбасының айналасында болған мәселемен өрбиді. Олар қиындыққа төтеп беруге тырысады. Алайда амалдың, қаражаттың жоқтығынан қиындыққа тап болады. Басты мақсат – мұндай мәселенің алдын алу, оны болдырмау. Көрерменге арзан ақшаның артында әрқашан қиындық тұратынын жеткізу», - деді спектакльдің қоюшы режиссері, мәдениет саласының үздігі Аман Ғұмаров.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗