Елордада салауатты өмір салтын насихаттайтын бұқаралық жүгіру жарысы ұйымдастырылды

Елордада салауатты өмір салтын насихаттайтын бұқаралық жүгіру жарысы ұйымдастырылды
Фото: Elordainfo.kz

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен «Жас үміт» жобасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен және Байқоңыр ауданының әкімдігімен бірлесіп «Каратэ – Нашақорлыққа қарсы» атты бұқаралық жүгіру жарысын ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталды.

Жарысқа қатысушылар денсаулық, спорт және заңға бағынатын өмір салты құндылықтарын ілгерілету идеясын қолдап, жауапкершілік қағидатына және тәуелділіктің кез келген түрін қабылдамауға бейілділік танытты.

Осындай іс-шараларды өткізу жастар арасында есірткіге қарсы иммунитетті нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамның назарын нашақорлықтың алдын алу мәселелеріне аударуға ықпал етеді.

Астана қаласының прокуратурасы жастарды жағымсыз әлеуметтік құбылыстардан қорғауға, салауатты өмір салтын насихаттауға және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайтуға бағытталған профилактикалық бастамаларды іске асыруды жалғастырады.