Елордада Қазақстан халықтарының мәдениетіне арналған көрме ұйымдастырылды
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Татулық – ел тұтастығының кепілі» атты іс-шара өтті. Жиын этносаралық келісімді, қоғам бірлігін нығайтуға және татулықты дәріптеуге бағытталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлшігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.
Кездесу барысында қоғамдық келісімнің маңызы, мәдени мұраны сақтау және жас ұрпаққа ел бірлігінің мәнін ұғындыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ елімізде тұратын этностардың тарихи-мәдени мұрасы мен дәстүріне арналған «Қазақстан халықтарының мәдениеті» атты көрме ұйымдастырылды.
Бұған дейін Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Достық керуені» атты салтанатты іс-шара өткен еді.