Референдум-2026

Елордада қалааралық автобус жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі мен есірткі қылмысының зардабы түсіндірілді

Елордада қалааралық автобус жүргізушілеріне жол қауіпсіздігі мен есірткі қылмысының зардабы түсіндірілді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Сарыарқа ауданының прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, қалааралық автобустардың жүргізушілері мен жолаушыларына жол жүрісі қағидаларын сақтау және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қалааралық автобустардың 15 жүргізушісімен кездесу барысында жол жүрісі қағидаларының негізгі талаптары, алкоголь немесе есірткіге масаң күйде көлік жүргізуге жол берілмейтіні, белгіленген жылдамдық режімін сақтау, қауіпсіздік белдігін пайдалану және жол жүрісіне қатысушыларға құрметпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.



Сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін, оның ішінде масаң күйде көлік жүргізу, жылдамдықты арттыру және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де құқық бұзушылық үшін көзделген жауапкершілік, сондай-ақ есірткі қылмысын жасаудың құқықтық салдары түсіндірілді.



Сарыарқа ауданының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы профилактикалық жұмысын жалғастырады.

Еске салсақ, Elordainfo.kz тілшісі №1 автобус паркінің түнгі тіршілігіне арналған арнайы репортаж әзірледі. Онда автобустардың қалай жуылып, жанармай құйылып, жөнделетіні және таңғы рейске қалай дайындалатыны жан-жақты көрсетілген.