06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңес құрылды

|
Photo: Фото: polisia.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Елордада есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңес құрылды

|
Photo: Фото: polisia.kz

Астаналық полиция департаментінде Есірткі қылмысының алдын алу жөніндегі кеңес құрылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Кеңестің басты мақсаты – «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасын іске асыруда және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуда мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіру.

«Аталған кеңестің құрылуы нашақорлықтың алдын алу жұмысын жаңа деңгейге көтеруге, бұл мәселені шешуге жан-жақты қарауға, қоғам қайраткерлері мен сарапшыларды тартуға мүмкіндік береді», – деді Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.

Кеңес құрамына Мәжіліс және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, медиа тұлғалар, танымал спортшылар мен қоғамдық ұйым өкілдері кірді.

Барлық қатысушыларға кеңес мүшесі екенін растайтын куәліктер табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗