Елордада 500 оқушыға өрт қауіпсіздігі талаптары мен эвакуация тәртібі түсіндірілді

Елордада 500 оқушыға өрт қауіпсіздігі талаптары мен эвакуация тәртібі түсіндірілді
Фото: Ұйымдастырушылардан

Астанада оқушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт кезіндегі іс-қимыл алгоритмі және эвакуация тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Байқоңыр» ауданының прокуратурасына сілтеме жасап.

«Байқоңыр» ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында уәкілетті органдармен бірлесіп, аудан мектептерінде өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізді.

Іс-шара шамамен 500 оқушыны қамтыды. Оқушыларға өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт кезіндегі іс-қимыл алгоритмі және эвакуация тәртібі түсіндірілді. Ақпарат көрнекі мысалдар мен материалдар арқылы жеткізілді.

Аудан прокуратурасы азаматтардың қауіпсіздігіне, оның ішінде кәмелетке толмағандарды қорғауға ерекше көңіл бөледі.