Елорда прокуратурасы 70 инвесторға көмек көрсетті

Елорда прокуратурасы 70 инвесторға көмек көрсетті
Астана қалалық прокуратурасы видеосының скрині

Астана қаласының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бойынша белсенді жұмыстарды жалғастырып, елордада бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай қалыптастырып отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.  

Туындайтын мәселелерді жедел шешуге және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылады.
Бүгінгі таңда елорда прокуратурасы қолдауымен жалпы сомасы 3,5 трлн теңгеден асатын инвесторлардың 106 мәселесі шешілді. Жалпы жобалар сомасы 1,7 трлн теңгені құрайтын 70 инвесторға көмек көрсетілді. «Прокурорлық сүзгі» тетігінің арқасында мемлекеттік органдардың 169 заңсыз шешімінің жолы кесілді.

Бизнесті қорғаудың маңызды құралдарының бірі – шектеу шараларын келісу тетігі. Мемлекеттік органдар инвесторлардың құқықтарын шектейтін кез келген әрекеттерді прокуратурамен келісуге міндетті, оның ішінде:
- тексерулер тағайындау;
- әкімшілік жазалар қолдану;
- сотқа талап қою.

Мысалы, Астана қаласының «Нұра» ауданы прокуратурасы Астана даму орталығы алаңында бизнес-қоғамдастықпен кезекті кездесу өткізді. Іс-шара барысында 7 инвестордың өтініші қабылданды. Негізгі мәселелер техникалық шарттарды келісуге қатысты болды.

Астана қаласының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды жедел көмек сұрап өздеріне хабарласуға шақырды.
Байланыс нөмірі: +7 (747) 216-15-58 немесе Call орталық: 115.