Елорда колледжінде суды үнемдеу тақырыбында экосағат өтті

Бүгін, 14:17
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Елорда колледжінде суды үнемдеу тақырыбында экосағат өтті

«Адал азамат» бағдарламасының жаңашылдық және жасампаздық құндылығы аясында Астана қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінің базасында  «Суды үнемде — болашақты сақта» атты экосағат өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара экологиялық мәдениетті, азаматтық жауапкершілікті және су ресурстарына ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға бағытталды. Бұл бастама білім беру ұйымдары мен салалық мемлекеттік органдар арасындағы тиімді ынтымақтастықтың нақты үлгісін көрсетті. Эко-сағат барысында студенттердің тұрақты экологиялық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған практикалық жобалар, инновациялық технологиялар және халықаралық тәжірибелер таныстырылды.

Дөңгелек үстел форматында өткен жиынға БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниа, ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров бастаған министрлік өкілдері, Астана қалалық мәслихаты төрағасы Табиғат Зейнұлқабденұлы, қалалық мәслихат депутаты Асқар Сайлаубеков, сондай-ақ болашақ гидротехнолог мамандар — колледж студенттері қатысты. Онлайн форматта Астана қаласының 25 колледжі, Солтүстік Қазақстан облысының 20 колледжі және өңірдің басқа да білім беру ұйымдары іс-шараға қосылды.

Қорыта айтқанда, бұл эко-сағат — тек ақпараттық кездесу емес, жастардың табиғатқа жанашыр, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды тәрбиелік әрі танымдық алаңға айналды.

Еске салайық, бұған дейін елімізде су ресурсын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспары әзірлене бастағаны туралы хабарладық.