Еліміздің солтүстігінде 30-35 градус аяз болады

Еліміздің солтүстігінде 30-35 градус аяз болады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазгидромет 22-24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Синоптиктердің болжауынша алдағы күндері Қазақстанның солтүстік өңірлерінде аяз қайтадан күшейеді. Кейбір аудандарда қар жауғанымен, түнгі уақытта ауа температурасы 30–35 градус аязға дейін төмендейді.

«Ал республиканың оңтүстігі циклонның ықпалында болады, 22–23 қаңтарда қалың қар жауып, жел күшейеді, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді», делінген хабарламада.

Еске салсақ, Астанадан қыс басталғалы бері 2,8 млн текше метрге жуық қар шығарылғанын жаздық.