Елімізде өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті растайтын жаңа орган құрылады
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлауынша жаңа орган Азаматтық қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту ұлттық орталығында орналастырылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Аталған органды құру Еуразиялық экономикалық одақтың 043 «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінің талаптары аясында жүзеге асырылады. Онда міндетті сертификаттау және декларациялау арқылы сәйкестікті бағалауға жататын өнімдер тізбесі белгіленген. Бұл тізбеге өрт техникасы, өрт-техникалық жабдықтар, өрт сөндіргіштер, өрт дабылы жүйелері және өзге де өрт қауіпсіздігі құралдары кіреді», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстанда өрт-техникалық өнімдердің жекелеген түрі бойынша ғана қызмет көрсететін сәйкестікті растайтын шамамен бес жекеменшік орган жұмыс істейді.
Жаңадан құрылатын орган ЕЭО 043/2017 техникалық регламенті талаптарына сәйкестікті бағалауды жүзеге асырады. Оны құру жұмыстары биыл аяқталуы тиіс.
Еске салсақ, астаналық құтқарушылар көпқабатты үйден 30 адамды эвакуациялады.