Астаналық құтқарушылар көпқабатты үйден 30 адамды эвакуациялады

Бүгін, 10:44
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық құтқарушылар көпқабатты үйден 30 адамды эвакуациялады
Фото: ТЖМ

Бүгін «Сарыарқа» ауданындағы Щорс көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 30 адамды, оның ішінде 10 баланы эвакуациялады.

Өрт 20 минутта 5 шаршы метр аумақта сөндірілді», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өрттің себебі анықталуда.

Бұған дейін құтқарушылар өрттен екі газ баллонын алып шыққанын жаздық.