Елімізде кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады

Бүгін, 16:37
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елімізде кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Аталған мәселе бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ресми түсінік берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мәлімет бойынша жекелеген интернет-ресурстарындағы уақытша іркілістер құрылыс жұмыстары кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдалуымен байланысты.

«Қазақтелеком» АҚ ақпараты бойынша құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған. Мамандар трафикті шұғыл түрде резервтік арналарға ауыстырды, бұл байланыстың толық өшіп қалмауына мүмкіндік берді», делінеді хабарламада.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған жер жұмыстарын жүргізу кезінде байланыс желісінің зақымдануы себеп болған.