Елімізде 95 жоғары оқу орнында ЖИ-ге қатысты пәндер енгізілді

Елімізде 95 жоғары оқу орнында ЖИ-ге қатысты пәндер енгізілді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Елімізде 95 жоғары оқу орнында Жасанды интеллектіге қатысты пәндер енгізілді. ОКҚ алаңында Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Гүлзат Көбенованың айтуынша, жасанды интеллект біртіндеп базалық сауаттылыққа айналып келеді. Бұл бағытта Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен жаңа білім беру бағдарламалары жүйелі түрде алға жылжып келеді. Сондай-ақ ЖИ, инжиниринг және цифрлық технологиялар бағыттары бойынша жаңа білім беру бағдарламалары іске қосылды.

«Қазіргі таңда 30 жоғары оқу орнында жасанды интеллектіге арналған 42 білім беру бағдарламасы енгізілді, олардың қатарында: «Қолданбалы ЖИ», «ЖИ және блокчейн инженериясы», «Медицинадағы ЖИ» және т.б. бағдарламалар бар. Онда бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде 3 мыңға жуық студент білім алуда», - деді спикер.

Сонымен қатар, профессор-оқытушылар құрамының 54%-дан астамы ЖИ туралы оқыды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанға ChatGPT Edu-дың 165 мың лицензиясы тегін берілетінін хабарладық.