03.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Даму» қоры «Өрлеу» бағдарламасы бойынша цифрлық теңгемен алғашқы несие берді

|
Photo: Ұлттық экономика министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Даму» қоры «Өрлеу» бағдарламасы бойынша цифрлық теңгемен алғашқы несие берді

|
Photo: Ұлттық экономика министрлігі

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қазақстан Ұлттық банкінің қолдауымен «Өрлеу» бағдарламасы бойынша алғашқы жеңіл несиені жылына 12,6 пайызбен Halyk Bank арқылы берді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, цифрлық теңгені пайдаланған тұңғыш клиент – павлодарлық кәсіпкер Виталий Кремберг. Оның жобасы үй жануарларының түбегіне гигиеналық толтырғыш ретінде қолданылатын түйіршік шығаратын кәсіпорнын салу. Сондай-ақ құрылыс, ауыл шаруашылығына және экологиялық мақсаттарды көздейді. Мысалы, жанар-жағармай төгілген апаттың салдарын жояды.

«Бизнеске жаңашыл көзқарастағы бұл кәсіпкер заманауи технологияларды қолдана отырып, өндірісті дамыту үшін соны өнім – цифрлық теңге несиесін таңдаған.

Жаңа қаржылық құрал бизнес үшін ыңғайлы екенін айтады мамандар. Оның артықшылықтары: онлайн рәсімдеу; өтінім жылдам қаралып, қаражат тез түседі; мемлекеттік бағдарламалардың шарттары жариялы түрде орындалады; салық тексерісі болмайды. Бұл әкімшілік және қаржылық кідірістер туғызбайды; ҚҚС қайтару мерзімі 55-75-тен 15 жұмыс күніне дейін қысқарады.

«Біз мемлекеттік қолдау бағдарламаларының жариялылығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгені пайдаланудың әлеуеті зор екенін көріп отырмыз. Оның негізгі артықшылықтарының бірі – бөлінген қаржының орнымен пайдалануын бақылау айтарлықтай жеңілдеп, жақсаруына мүмкіндік беретін цифрлық құралдардың таңбалануы. Бұл келісім озық қаржылық технологияларды енгізудегі маңызды қадам саналады. Серіктестік аясында кәсіпкерлер несиені цифрлық теңгемен алады. Соның арқасында процесс тезірек, ашық және тиімді болмақ. Біз бизнеспен жұмыс істеуде цифрлық теңгенің мүмкіндіктерін кеңейте отырып, осы бағытты одан әрі дамытуды жоспарлап отырмыз», - деді «Даму» Қоры басқарма төрағасының орынбасары Арсен Мұстафин.

Тартылған инвестиция сомасы жылына 12,6 пайызбен 7 жыл мерзімге 250 млн теңгені құрайды. Қаражатқа клиент жер учаскесі мен жабдық сатып алып, өндіріс ғимаратын салуды жоспарлап отыр. Бірінші жылы 10-ға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өндіріс жылына 1200-1400 тонна өнім шығарады деген болжам бар. Несие «Даму» Қоры мен Halyk bank арасында «Өрлеу» бағдарламасы аясында, цифрлық теңгемен берілді.

Цифрлық теңге – Қазақстанның ұлттық валютасының тек қана Ұлттық банк шығаратын электрондық нұсқасы.

«Даму» Қоры мен Halyk Bank командалары жүзеге асырған цифрлық теңгені пайдалану сценарийі мұндай ақшаның кәсіпкерлер үшін ыңғайлы етіп, операциялық тәуекелдерді барынша азайтып және қолдау бағдарламаларының толық жариялылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік қаржы архитектурасын қалай өзгерте алатынының көрсеткіші болып отыр.

Мұндай шешімдер мемлекет, банктер және бизнес арасындағы сенімнің жаңа стандартын жасайды. Біз мұндай механизмдер жылдам масштабталады деп үміттенеміз. Естеріңізге сала кетейін, Президенттің тапсырмасы бойынша цифрлық теңге мемлекеттік шығындар мен субсидиялардың барлық түрлеріне кезең-кезеңімен енгізіліп, елдің неғұрлым тиімді, технологиялық және орнықты қаржы жүйесінің негізін қалыптастыруы тиіс», - деді цифрлық трансформация басшысы, ҚР Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі Бинур Жаленов.

«Өрлеу» бағдарламасына қатысу үшін кәсіпкерлер Қордың серіктесі – екінші деңгейлі банктерге жүгінуі қажет. Қазір Halyk bank, ЦентрКредит Банк, Forte Bank, Bereke bank, Еуразиялық банк, Freedom Bank, Nurbank, RBK Bank, KZI bank өтінім қабылдайды.

Сонымен қатар бағдарламаға қатысушылар Қордың кепілдігін де пайдалана алады. Бағдарламаның шарттары, сондай-ақ өңірлік филиалдардың мекенжай, деректері жайлы ақпаратты 1408 нөмірлі сall-орталықтан немесе сайт арқылы алуға да болады.

Естеріңізге салсақ, Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының экономиканы цифрлық трансформациялауға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі кеңесте цифрлық теңгенің пилоттық жобасын кеңейту қажеттігін айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗