Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару тәсілдерін ұзақ мерзімді даму тұрғысынан қайта қарауға бағытталған - депутат

Бүгін, 17:15
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару тәсілдерін ұзақ мерзімді даму тұрғысынан қайта қарауға бағытталған - депутат
Фото: Талғат Дүйсековтің жеке архивінен

Мәслихат депутаты Талғат Дүйсеков жаңа Конституциялық жоба туралы пікірін білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Қазіргі таңда Қазақстан маңызды трансформация кезеңінен өтіп жатыр. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы таныстырылды.

Мен үшін бұл жобадағы басты әрі мәнді тұстар мыналар:

* адамның құқықтары мен қадір-қасиеті негізгі құндылық ретінде айқындалуы;
* халықтың биліктің қайнар көзі ретінде нақты бекітілуі;
* билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің күшеюі;
* сот жүйесінің тәуелсіздігін арттыруға бағытталған қосымша кепілдіктердің қарастырылуы;
* «Заң мен тәртіп» қағидатының конституциялық мазмұнмен толықтырылуы;
* заманауи сын-қатерлердің ескерілуі: цифрлық құқықтар, білім беру, адами капитал;
* мемлекеттіліктің іргелі негіздерінің сақталуы: егемендік, унитарлық құрылым, аумақтық тұтастық.

Менің ойымша, бұл өзгерістер жекелеген түзетулермен шектелмей, мемлекеттік басқару тәсілдерін ұзақ мерзімді даму мен қоғам алдындағы жауапкершілік тұрғысынан қайта қарауға бағытталған.

Осындай бастамалардың қоғаммен ашық әрі байыпты талқылануы, олардың ел болашағына әсерін терең түсіну аса маңызды деп есептеймін», - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланғаны туралы жаздық.