Қазгидромет 22 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Синоптиктердің болжауынша, бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, кей уақыттарда қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады.
Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз ауа температурасы +4,+6°С болады.