01.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Браконьер» ЖПІШ: 4 мыңнан аса құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды

|
Photo: Ішкі істер министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Браконьер» ЖПІШ: 4 мыңнан аса құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды

|
Photo: Ішкі істер министрлігі

«Заң мен тәртіп» иделогиясын ілгерлету мақсатында Ішкі істер министрлігі 20 қазан – 19 қараша аралығында республика бойынша «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табиғатты қорғау заңнамаларын сақтау, браконьерлік және биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу. Нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 4 мыңнан аса дерегі анықталып, оның ішінде 93 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Мысалы, 25 қазанда Ақмола облысының Егіндікөл ауданында автокөлікті тексеру барысында 33 жабайы қаз және аңшы қаруы табылып, тәркіленді. Күдіктіде рұқсат құжаттары болмаған. Бұл дерек бойынша заңсыз аңшылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 4 мыңнан аса құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аңшылық ережелерін бұзғаны үшін – 2 мыңнан аса, балық аулау ережелерін бұзғаны үшін – 627 және басқа құқық бұзушылықтар үшін – 685. Жалпы 39 млн. тенгеден аса айыппұл салынды. Іс-шара жүргізу барысында 258 текше метр заңсыз дайындалған ағаш, 4 тоннадан аса балық, 255 дана киік мүйізі, 11,6 шақырым тыйым салынған аулау құралдары, одан басқа 358 дана аңшылық қаруы, оның ішінде ішкі істер органдарында тіркелмеген 120 қару тәркіленді.

ІІМ баршаңызды табиғатты қорғау заңнамаларын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

Бұған дейін «Дәрмен» шарасы аясында еліміздегі мыңға жуық ұйымның тексерілгенін жаздық.

 

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗