«Дәрмек» іс-шарасы: елімізде мыңға жуық ұйым тексерілді
1 желтоқсан, 2025
polisia.kz
Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті прекурсорлардың заңды айналымын бақылау мақсатында елімізде «Дәрмек» іс-шарасын өткізеді. Барлығы 981 ұйым тексерілді. 421 мың тонна прекурсор алынды. 20 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Тексеру барысында кәсіпорын басшыларына ескерту жасалды. Соған қарамастан, кемшіліктер анықталуда.
Мысалы, сот шешімімен Балқаш қаласындағы ұйымның лицензиясы тоқтатылды. Заңды тұлғаларға үндеу: Комитет бұл жұмысты жалғастырып, заңды түрде шаралар қабылдайды.
Ұқсас жаңалықтар
3 мамыр, 2026
Теңіз кенішінде істеген 30-ға жуық шетелдік ел аумағынан шығарылды
2 мамыр, 2026
Түркістан облысында көпір бұзылып, демалушылар өзеннің арғы бетінде қалып қойған
2 мамыр, 2026
Алматыда үш жасөспірім түнде таудан түсе алмай қалған
2 мамыр, 2026
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды