Боралдайда автобус пен пойыздың соқтығысуынан алты адам зардап шекті

Боралдайда автобус пен пойыздың соқтығысуынан алты адам зардап шекті
Фото: Оңалхан Өнерхан

Алматы облысының Іле ауданы, Боралдай ауылында автобус пен пойыздың соқтығысуы салдарынан алты адам жарақат алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Алматы облыстық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап. 

Департаменттің мәліметінше, барлық зардап шеккен адам жедел жәрдем бригадаларымен Іле аудандық орталық ауруханасына және Боралдай аудандық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерге қаралып, қажетті тексеруден өткен және медициналық көмек алған науқастар амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Алматы облыстық денсаулық сақтау департаменті жағдайды бақылауда ұстап отырғанын мәлім етті. 

Еске сала кетсек, Шамалған стансасы автожолындағы теміржол өткелінде маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей жолаушылар көлігі пойызға соғылғанын хабарладық.