Bloomberg Қазақстанды 2026 жылғы әлемдегі топ-25 туристік бағыт қатарына қосты

Бүгін, 13:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Bloomberg Қазақстанды 2026 жылғы әлемдегі топ-25 туристік бағыт қатарына қосты
Фото: Kazakh Tourism ұлттық компаниясынан

Қазақстан әлемдік туристік картадағы өз позициясын нығайтып келеді. Беделді халықаралық Bloomberg басылымы Алматы қаласын 2026 жылы баруға тұрарлық әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың тізіміне енгізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Kazakh Tourism ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Bloomberg Алматы қаласының туристік тартымдылығының тұрақты өсімін және оның жыл бойы сұранысқа ие бағыт екеніне назар аударады. Оның ішінде қалалық мәдениет, бай тарихи мұра, гастрономия және табиғи ландшафттарға жақындығы көрсетіледі.

«Орталық Азия даласында шығармашылық энергия қайнап жатыр. Елдің ең ірі қаласының танымалдығы артып келеді және 2025 жылдың 9 айында рекордтық 2,5 миллион адам болған. Кейбірі алтын күмбезді Зенков соборын, дәмдеуіштер, бал және жылқы етінен жасалған шұжықтар сатылатын Жасыл базардың сауда қатарларын көру үшін келеді. Басқалары қаланың бетон құрылысы артында менмұндалайтын Іле Алатауы тауларындағы Альпі көлдері мен тау шаңғысы беткейлеріне қарай бет алады», - деп жазады басылым.

Bloomberg Алматыдағы демалыстың маусымдық әртүрлілігіне ерекше назар аударады. Қыс мезгілінде туристерге Шымбұлақтың тау беткейлеріне бару ұсынылады.

«Bloomberg нұсқасы бойынша Қазақстанның әлемдегі ең үздік 25 туристік бағыттың қатарына енгізілуі – маңызды халықаралық мойындау және қаланың танымалдығын арттыру бойынша Visit Almaty жұмысының нәтижесі болып табылады. Бұл елдің жаһандық туристік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің артқанын және халықаралық аудиторияның Қазақстанға қызығушылығының артқанын растайды. Соңғы жылдары еліміз жетекші әлемдік БАҚ рейтингтерінде жиі енуде», - деп атап өтті Kazakh Tourism ҰК АҚ Басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы.

Bloomberg жыл сайынғы рейтингі туристік трендтерді сараптау, сала жаңалықтарын туризм саласындағы сарапшылармен талдауы негізінде қалыптастырылады.

Бұған дейін Қазақстан жаңажылдық мерекелер кезеңінде ҚХР туристері арасында ең сұранысқа ие шетелдік бағыттардың топ-7 қатарына кіргенін жазған болатынбыз.