Бір реттік президенттік мерзім – жауапкершілік пен тұрақтылық - депутат

Бүгін, 17:34
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Бір реттік президенттік мерзім – жауапкершілік пен тұрақтылық - депутат
Фото: Дина Байсеркина/Facebook

Қазақстанның жаңа Конституциясында елдің ең жоғары лауазымды тұлғасы – президенттің барлық өкілеттігі көрсетілген. Онда Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының президенті болып сайлана алмайтыны туралы айтылған. Астана қаласы мәслихаты депутаты Динара Байсеркина Ата заң жобасындағы бұл нормаларды саяси жүйедегі маңызды институционалдық жаңалық екенін айтты, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Президенттің  бір реттік мерзімінің енгізілуі – саяси жүйедегі маңызды институционалдық жаңалық. Осыған байланысты кезектен тыс сайлау өткізу нормасының алынып тасталуы билік транзитінің айқын әрі алдын ала белгілі болуын қамтамасыз етеді. Мұндай тәсіл саяси тұрақтылықты күшейтіп, Мемлекет басшысының өкілеттігіне деген сенімді арттырады. Сонымен қатар, бұл шешім жеке тұлғаға емес, институттарға негізделген басқару моделін нығайтады», - деп пікір білдірді ол.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланғаны туралы жаздық.