Референдум-2026

«Бір қоңырау шалайыншы»: сылтаумен жасөспірімнің телефонын алған ақтөбелік көзден таса болған

Бүгін, 17:21
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Бір қоңырау шалайыншы»: сылтаумен жасөспірімнің телефонын алған ақтөбелік көзден таса болған
Фото: Elordainfo.kz

Полицияға 10 жастағы баланың ата-анасы арызданып, базар маңында бейтаныс ер адамның баладан «бір қоңырау шалайын» деген сылтаумен ұялы телефонын сұрап алып, оқиға орнынан кетіп қалғанын хабарлаған, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақтөбе ПД баспасөз басқармасына сілтеме жасап. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Ол 46 жастағы ер адам болып шықты. 

Күдікті өз кінәсін мойындап, алған телефонды базарда сатып жібергенін түсіндірді.

Аталған дерек бойынша алаяқтық фактісімен тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция бейтаныс адамның«телефон бере тұрыңыз, қоңырау шалайын» деген өтінішіне сақтықпен қарауға шақырады. 

«Егер шынымен көмек қажет болса, қажетті нөмірге өзіңіз хабарласып беруді ұсыныңыз. Телефонды бөтен адамның қолына ұстата салу – қымбатқа түсуі мүмкін»,  - дейді полиция өкілдері.