15.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Берлин әуежайында шетелдік фанат Димашқа күй шертіп берді

|
Photo: Dimashnews
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Берлин әуежайында шетелдік фанат Димашқа күй шертіп берді

|
Photo: Dimashnews

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Еуропадағы концерттік туры аясында Берлинге жетті. Әуежайда оны тыңдармандары гүл, сыйлық және плакаттармен қарсы алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Чилиден келген жанкүйер «Ерке сылқым» күйін орындады

Әншінің ресми сайты таратқан ақпаратқа қарағанда, әуежайда ерекше жағдай болған. Чилилік жанкүйер Андреа қолына домбырасын алып, «Ерке сылқым» күйін ойнай бастаған.

Әуежай жолаушылары назар аударған сәтте Димаш пен әкесі Қанат Айтбаев қызға жақындап, аспапты дұрыс күйге келтіруге көмектескен.

Кейін Қанат Айтбаев домбыраға қосылып, шағын импровизациялық орындау жасаған. Әуежайда қазақ күйі шырқалып, ерекше атмосфера орнады.

Берлиндегі концерт — «Stranger» шоуы

Димаштың кезекті концерті Берлиндегі Max-Schmeling-Halle аренасында өтеді. Бұл – Еуропаның ең ірі көпфункционалды залдарының бірі, мұнда әлемдік деңгейдегі концерттер мен спорттық шаралар ұйымдастырылады.

Әншінің командасы «Stranger» шоуы неміс көрерменіне жаңа әсер сыйлап, Димаштың кең диапазоны мен музыкалық мүмкіндігін толық көрсететінін айтады.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗