Бас мүфти Астанадағы құрбан шалу барысымен танысты

Бүгін, 12:36
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Бас мүфти Астанадағы құрбан шалу барысымен танысты
Фото: ҚМДБ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының еріктілерімен және «Халал даму» стандарттау және сертификаттау орталығының жауапты қасапшылары қызмет етіп жатқан орталыққа барды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Кездесу барысында Бас мүфти құрбандық малын шариғат талаптарына сай сою тәртібінің қатаң сақталуын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көрсетілетін көмектің жүйелі жүргізілуін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар ҚМДБ төрағасы мүфтият жанындағы қайырымдылық шаралары мен халал стандарттарын сақтау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталып, еріктілер мен қасапшыларға сәттілік тілеп, батасын берді.

Айта кетейік, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы мамыр айының 29-ы күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады. Астанада құрбандық шалу рәсімі өтетін орындар белгіленді.