Барлық дәретхана істен шыққан: Фукуок-Алматы бағытындағы Air Astana ұшағы бірнеше сағаттан кейін әуежайға оралды

Бүгін, 16:30
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Барлық дәретхана істен шыққан: Фукуок-Алматы бағытындағы Air Astana ұшағы бірнеше сағаттан кейін әуежайға оралды
Фото: Оңалхан Өнерхан

26 желтоқсанда КС 162 Фукуок-Алматы рейсін орындаған Air Astana ұшағы әуежайға барлық дәретхананың істен шыққанына байланысты ұшып шығу әужайына қайтып оралды, деп хабарлады Elordainfo.kz  Air Astana баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Әуе кемесі 10 сағат 04 минутта ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 14 сағат 14 минутта аман-есен қонды. Қазір ақауларды жою жұмыстары жүргізілуде Рейстің ұшуы 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша 04.00-ге дейін кейінге қалдырылды. Ыстық тамақ пен сусындар ұсынылды. Әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге жеткізу және орналастыру мәселелерімен айналасуда», - делінген хабарламада. 

Air Astana рейстің кешіктірілгені үшін кешірім сұрайды.

Еске салайық, бұдан бұрын Air Astana компаниясы басқа ұшақтан шыққан ақау туралы мәлімдеме жасағанын хабарладық.