Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққан қаржыландыру стандарттары енгізіледі

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жан басына шаққан қаржыландыру стандарттары енгізіледі
Фото: Астана әкімдігі

Заңды екінші оқылымға дайындау барысында Мәжіліс депутаттары бұқаралық және балалар спортын дамытуға бағытталған түзетулер енгізді, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Негізгі жаңалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне жан басына шаққан қаржыландыру стандартын енгізу болады. Бұл әр спортшыға жұмсалатын шығынды жылына 415 000 теңгеге дейін арттыруға жол ашады. Қазіргі орташа көрсеткіш – 233 000 теңге», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен мұғалімдерінің жалақысын көтеру жоспарланған. Ол біліктілік сынағынан өткен және оқу процесін ұлттық спорттық дайындық стандарттарына сәйкес жүзеге асыратын мамандарға жаттықтырушылық және оқытушылық біліктілігі үшін үстемеақы енгізу арқылы жүзеге асырылмақ. Осылайша, санаты жоқ жас жаттықтырушының/мұғалімнің жалақысы 150 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін артады. 

Сондай-ақ дене шынықтыру және спорт саласы үшін e-Спорт – цифрлық платформасының жұмыс істеуін заңды түрде бекіту ұсынылады. Ол спорт саласындағы әкімшілік деректерді басқаруды, жинауды, өңдеуді және талдауды автоматтандырады, сондай-ақ басқа IT жүйелерімен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. 

Бұған дейін 700-ден аса астаналықтың жаңажылдық жүгіріске қатысқанына жаздық.