Азия чемпионатының алдындағы сынақ: Боксшыларымыз «Странджа» турниріне қатысады

Азия чемпионатының алдындағы сынақ: Боксшыларымыз «Странджа» турниріне қатысады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

23 ақпан – 2 наурыз аралығында Болгария астанасы Софияда өтетін бокстан «Странджа» халықаралық турнирінде ұлттық құраманың 37 cпортшысы бақ сынайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Туриндің маңызы қандай?

Ерлер құрамасының бас бапкері Нұржан Насанов «Boxam» (Испания), «Странджа» (Болгария) халықаралық турнирі мен екі оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша, Моңғолияда өтетін Азия чемпионатының (28 наурыз – 11 cәуір) тізімін жасақтайды.

Қай елдер қатысады?

Турнирде жарыс қожайыны Болгариядан бөлек, Өзбекстан, АҚШ, Әзербайжан, Бразилия, Украина, Аустрия, Солтүстік Македония, Қытай Тайпейі және т.б елдер жүлдеге таласады.

Турнир жайлы не білеміз?

- Ең алғаш 1994 жылы Қазақстан құрамасы бақ сынап, 75 келіде Валерий Кузменцов күміс жүлде алған.

- Бұл турнирден 23 алтын, 34 күміс, 45 қола жүлде еншілегенбіз.

- Елімізден 2005 жылы Серік Сәпиев 60 келі салмақта алғашқы чемпион ретінде тіркелген.

Осы турнирден не күтеміз?

- Әйелдер арасында Валентина Хальзова «Странджа» турнирін 2 мәрте жеңген. Ал ерлер арасында Ертуған Зейнуллинов 2 рет қатарынан чемпион атануға мүмкіндігі бар.

- 2025 жылы Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ең үздік көрсеткішін тіркеп, 6 алтын жүлдемен жалпы есепте бірінші орын алған болатын.

Кімдер қатысады?

Ерлер

50 келі: Даниал Сәбит, Бекзат Алдамжаров

55 келі: Тимур Қабдешов, Бағлан Кенжебек

60 келі: Бейбарыс Жексен, Руслан Күзеубаев

65 келі: Ертуған Зейнуллинов, Әбдікәрім Әбдіғалым, Илья Калинин

70 келі: Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы

80 келі: Санжар-Әли Бегалиев, Диас Молжігітов

85 келі: Сұлтанбек Айбарұлы, Бекзат Таңатар, Дәулет Төлемісов

90 келі: Нурмагамед Юсупов

+90 келі: Нұрлан Сапарбай, Даниал Сапарбай

Әйелдер

48 келі: Әйгерім Сәттібаева, Анель Құдайберген

51 келі: Жазира Орақбаева, Анита Адишева

54 келі: Элина Базарова, Жайна Шекербекова, Анель Сақыш

57 келі: Ұлжан Сәрсенбек, Айдана Забынбекова

60 келі: Виктория Графеева, Римма Волосенко

65 келі: Лаура Есенкелді, Аружан Жаңабаева

70 келі: Бақыт Сейдіш, Мәдина Нұршаева

75 келі: Валентина Хальзова, Мария Сидоренко

80 келі: Надежда Рябец

+80 келі: Дина Исламбекова, Валерия Аксенова

Еске сала кетсек, Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен Boxam Elite халықаралық турнирінде елордалық боксшылар 3 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды.