Қазақстандық жас шахматшылар блицтен әлем чемпионы атанды
18 желтоқсан, 2024
Фото: Қазақстан шахмат федерациясынан
Қазақстандық жас шахматшылар Елназ Қалиахмет пен Даниял Сәпенов Словенияда өткен жасөспірімдер арасындағы (14-18 жас арасы) әлем чемпионатында блицтен жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлем чемпионатына 36 елден 320-дан астам жас шахматшы қатысты. Олардың қатарында 1 гроссмейстер, 4 халықаралық шебер, 54 FIDE шебері болды. Қазақстан атынан қатысқан шахматшылар 22 турлық швейцариялық жүйедегі блиц форматында (3+2) сәтті өнер көрсетті.
ҚР шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, отандастарымыз Елназ Қалиахмет (G14), Даниял Сәпенов (O16) алтын, Әмина Қайырбекова (G18) күміс және Мирас Асылов (O16) қола медаль еншіледі.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 08:49
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
27 қыркүйек, 2026
Қазақстандық шпагашылар Азия ойындарының чемпиондары атанды
27 қыркүйек, 2026
Алматыда 15-ші Almaty Marathon өтті
27 қыркүйек, 2026
Азиада-2026: Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева алтын медаль жеңіп алды