Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы инвестициялар көлемі 1,7 есеге өсті

Бүгін, 14:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласындағы инвестициялар көлемі 1,7 есеге өсті
freepik.com

Қазақстанда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласы қарқынды дамып келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

QazIndustry АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында салаға бағытталған инвестиция көлемі 1,7 есеге өсіп, 9,5 млрд теңгеге жеткен. 

«Өсім көрсеткіштеріне Шығыс Қазақстан облысында жылына 500 жаңбырлатқыш машиналарын өндіретін Еrtis Bereke Oskemen компаниясының және Жетісу облысында жылына 960 жаңбырлатқыш машиналарын құрастыратын Jetisu Agro Complex компанияларының жобаларын іске қосу ықпал етті», – делінген хабарламада.

Аталмыш екі жоба бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 8,1 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, бұған дейін өнеркәсіп саласында 30 мыңнан астам жұмыс орны ашылатынын жазған едік.