Атбасарда кәсіпкерлерге тиесілі 60 млн теңге прокуратураның араласуымен қайтарылды

Атбасарда кәсіпкерлерге тиесілі 60 млн теңге прокуратураның араласуымен қайтарылды
Фото: видеодан скриншот

Ақмола облысы Атбасар ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу шарттарын толық орындаған 27 кәсіпкерге тиесілі кепілдік ақшалардың уақытында қайтарылмағанын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң бойынша мұндай қаражат міндеттемелер орындалғаннан кейін бірден қайтарылуы тиіс.

Алайда Атбасар аудандық білім бөлімі бұл талапты сақтамай, кейбір кепілдік сомаларды үш жылдан астам уақыт бойы қайтармаған. Қайтарылмаған қаражаттың жалпы көлемі 60 млн теңгеден асқан.

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкерлердің құқықтары қалпына келтіріліп, барлық қаражат толық қайтарылды. Ал заң бұзушылыққа жол берген жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бұрын судья әдебі талаптарын бұзғаны үшін екі судьяның жазаланғанын жазғанбыз