Сот жюриі: Екі судья қызметінен босатылады
Олар судья әдебі талаптарын бұзғаны үшін жазаланды. Бұл туралы Жоғары сот кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жоғары соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот жюриінде 10 судьяға қатысты 11 тәртіптік материал қаралды. Оның ішінде бір судьяға қатысты екі тәртіптік материал біріктірілді.
«Нәтижесінде 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде төртеуі – сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзуға жол бергені үшін үш судьяға ескерту, бір судьяға сөгіс түріндегі тәртіптік шаралар қолданылды. Екеуі – судья әдебі талаптарын бұзғаны үшін екеуіне де судья қызметінен босату түріндегі жаза қолданылды», делінген хабарламада.
Екі судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізулер олардың әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Бұдан басқа, екі судьяға қатысты тәртіптік материалдарды қарау кейінге қалдырылды.
Еске салсақ, елімізде биометриялық ақпаратты қорғаудың ерекше режимі енгізіледі.