Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті терек мамығы өте тез тұтанғыш және үлкен аумақтарды қамтып жоғары жылдамдықпен жанатынын ескертті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Астана ТЖД мынадай қауіпсіздік шараларын еске салады:
- терек мамығын өзіңіз өртемеңіз және балалардың өртеуіне жол бермеңіз;
- егер көшеде еркелікпен терек мамығын өртеп жатқан балаларды көрген болсаңыз бей-жай өтіп кетпеңіз;
- балалардың сіріңке мен оттыққа қолжетімділігін шектеңіз;
- аулаларда өрттің алдын алу үшін жиналған терек мамығына су төгіп, оны тұрғын үйлер мен құрылыстардан аулақ алып тастаған жөн.
