Астаналық спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды

Бүгін, 16:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астаналық спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды
Фото: Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтуде. 2 қыркүйекте басталған мангала жарысына 48 елден 105 спортшы – 56 ер және 49 әйел қатысып, жекелей және командалық сында бақ сынауда, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ерлер арасындағы командалық жарыста Астана қаласының спортшысы Биғали Зкрияев Қазақстан құрамасының сапында I орын иеленіп, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды.

Мангала бойынша жекелей жарыстар жалғасуда. Қорытынды нәтижелер 6 қыркүйекте белгілі болады.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы мангала жарысында Астана қаласының спортшылары Гүлнар Базаралиева мен Құндыз Есіркеп те бақ сынауда.