Астанадағы өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы не белгілі

Астанадағы өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы не белгілі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 12 сәуірге қараған түнде Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан тұрғын үй кешенінің пәтерінде болған өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оқиға орнына жедел медициналық көмектің үш бригадасы жұмыс істеген. Зардап шеккен әйел №1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілген.

«Қазіргі уақытта науқас жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағалануда», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске салайық, 12 сәуірге қараған түнде Түркістан көшесінде өрт болып, салдарынан үш бала қаза тауып, бір әйел ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Тұрғын үй кешеніндегі өрттен үш баланың қаза табуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.