Тұрғын үй кешеніндегі өрттен үш баланың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Тұрғын үй кешеніндегі өрттен үш баланың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: polisia.kz

Түнде елордадағы тұрғын үйлердің бірінде болған өрт салдарынан кәмелетке толмаған үш баланың көз жұмуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Елордадағы тұрғын үйлердің бірінде өрт салдарынан қаза табуына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу-жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция департаментінен.

Сондай-ақ ведомство өкілдері оқиға орнында полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алғанын айтты. Арнайы техниканың кедергісіз өтуі үшін аулада тұрған көліктер жедел түрде алынып тасталған.

«Тергеу шараларының қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріледі», – деп деді ведомстводан.

Еске салайық, 12 сәуірге қараған түнде Түркістан көшесінде өрт болып, салдарынан үш бала қаза тауып, бір әйел адам ауруханаға жеткізілді.