Астанадағы 2-ЖЭО тәулігіне қанша МВт және Гкал береді

Астанадағы 2-ЖЭО тәулігіне қанша МВт және Гкал береді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордадағы 2-ЖЭО бас инженері Нұртілек Тасатхан екінші жылу электр орталығы тәулігіне қанша электр және жылу қуатын беретінін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бас инженердің сөзінше , 2-ЖЭО тәулігіне 555 МВт-қа дейін электр энергиясын, қыстың ең суық кездерінде 1 947 Гкал жылу қуатын беруге қауқарлы. Ал аяз қатты емес күндері орташа жылу беру көлемі 700-900 Гкал мөлшерінде болады.

Нұртілек Тасатхан қала электр энергиясының 50-60 пайызын осы станциядан алатынын айтады.

Айта кетейік, қалаға жылу мен электр қуатын беретін «Астана-Энергия» АҚ-ның 5 энергия көзі бар. Олар: ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 және «ГЖС – Тұран», «ГЖС – Оңтүстік-Шығыс» су қыздырғыштары. Аудандардағы су қыздырғыштары сол аумақтарды жылумен қамтамасыз етеді.

2-ЖЭО туралы толығырақ осы жерден оқи аласыз.