Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

Бүгін, 18:02
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада Есіл ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Алғыс айту күніне орай «Мейірімділіктің – ізгілік жолы» атты қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл күні орталықтың зейнеткерлері қала игілігі үшін күн сайын еңбек етіп жүрген коммуналдық қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетті. Аязды күндері көшелерді тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шай, бауырсақ пен тәтті тоқаштар таратты.

Акция барысында зейнеткерлер олардың қажырлы еңбегі, жауапкершілігі мен қала тазалығына қосқан үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді. Жылы сөздер мен тәтті-дәмділер суық күнде қолдау мен жанашырлықтың белгісіне айналды.

Бұл іс-шара адамдардың еңбегін бағалап, бір-біріне мейірім мен қамқорлық көрсету қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

Бұған дейін Астанада шаңғы базасында алғашқы жаттығулар өткенін жаздық.