Астанада жазғы жүгіру маусымы ашылады

Астанада жазғы жүгіру маусымы ашылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Esil RUN» жарысын Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық спорт басқармасы мен Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастырады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара 11 сәуір күні Ботаникалық саябақта (Орынбор көшесі жағынан) өтеді. 4 шақырымдық жарысқа қатысушыларды тіркеу жарыс күні таңғы сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін жүргізіледі. Жарыс сағат 09:00-де басталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – биылғы жүгіру маусымының алғашқы жарысы.

«Қатысу тегін. Қатысушылар саны 1 500 адаммен шектеледі. Белгіленген лимитке жеткен жағдайда тіркеу алдын ала жабылады», - дейді спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Іс-шара соңында қатысушыларға естелік медальдар табысталып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Еске салсақ, Астанада БАҚ лиганың қысқы маусымы аяқталды.