Астанада жалған шот-фактура жазған азаматтан 304 млн теңге өндірілді

Бүгін, 15:31
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада жалған шот-фактура жазған азаматтан 304 млн теңге өндірілді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың үкімімен Астана қаласының тұрғыны жалған шот-фактураларды жазып бергені үшін сотталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

2021-2022 жылдар аралығында сотталған азаматтың ЖШС атынан нақты жұмыстар орындамай және қызметтер көрсетпей, жалған электрондық шот-фактуралар жазып беруді ұйымдастырғаны анықталды. Соның салдарынан мемлекет бюджетіне салықтар төленбеген.

«Қала прокуратурасымен мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы талап қойылды. Прокурордың талаптары қанағаттандырылып, сотталғаннан мемлекет кірісіне 304 млн теңгеден астам қаражат өндірілді», - делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, жыл басынан бері елордалық прокурорлар жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 11 талап қою енгізді.

Сондай-ақ прокуратура мемлекетке келтірілген залалды өтеу прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі әрі тұрақты бақылауда екенін еске салды.

Еске салсақ, елімізде терроризмді насихаттаған 28 күдікті ұсталды.