Астанада TikTok-та жұртты емдеген экстрасенс-лудоман сотталды

Астанада TikTok-та жұртты емдеген экстрасенс-лудоман сотталды
Фото: freepik.com

Қала тұрғыны TikTok-та өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметін ұсынған аккаунт ашқан, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда прокуратурасына сілтеме жасап.

«Жалған емші әлеуметтік желі арқылы ауыратын жәбірленушілерге өзін ерекше қабілетке ие адам ретінде көрсетіп, белгілі бір ақыға «емдеу» қызметін көрсете алатынына сендірген», делінген хабарламада.

Осылайша, кінәлі 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсаған.
Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелді ұсынды. Сот үкімімен кінәлі адам 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Еске салсақ, Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған шетелдіктерге іздестіру жарияланды.