10.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

|
Photo: Астана қаласы ТЖД
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

|
Photo: Астана қаласы ТЖД

Астанада қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау мақсатында «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Оқу-жаттығу барысында қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою жөніндегі біріккен жасақтың дайындығы тексерілді. Волонтерлік ұйымдардың қатысуымен жылыну, алғашқы көмек көрсету және тамақтану пункттері бар өмір сүруді қамтамасыз ету лагері ұйымдастырылды.

Сондай-ақ №29 орта мектеп базасында зардап шеккен халықты қабылдау пункті ашылды», - делінген Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың жедел топтары, Ұлттық ұлан мен полиция бөлімшелері, коммуналдық қызметтер және волонтерлік ұйымдар қатысты.

Барлығы оқу-жаттығуға 46 техника және 135 адам жұмылдырылды.

Айта кетейік, мұндай оқу-жаттығулар халықтың дайындық деңгейін арттыруға және қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗